• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2019

Балқаш ауданының шөпшілері шабындыққа шалғы салды

765 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы Балқаш көлінің жағасын жайлап отырған ауданның шаруалары қыстық мал азығын жинауға кірісті.

Бүгінде аудандағы 11 019 гектар суармалы  жерге егілген көпжылдық шөпке орақ түсті. Қазіргі дейін орақшылар 9 164 гектар жердің шөбін баулап, пішен шауып жатыр. Осы Балқаш ауданындағы шөп дайындау науқанына алдымен кіріскендердің бірі – Миялы ауылдық округіне қарасты «Динара» өндірістік кооперативінің  диқандары. Шаруашылық иелігіндегі  1447 гектарға егілген көпжылдық шөп қысқы мал азығын ретінде дайындалды.

– Шаруашылыққа тиесілі 1447 гектар егістік алқапқа көпжылдық шөп еккен едік, шығымдылығы жаман емес. Ендігі осы алқаптың 930 гектарын шауып болдық, 895 гектары бауланып, бастырылды. Одан бөлек, 425 гектар жерден 5900 тонна  пішендеме дайындаудамыз, – дейді  «Динара» өндірістік кооперативінің директоры Мырзақасым Айменов.

Алматы облысы