• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2019

Жетісуда 1299 баланың жәрдемақысы көбейді

282 рет
көрсетілді

Бүгінде Алматы облысында 7848 мүмкіндігі шектеулі бала арнайы жәрдемақы алады екен. Оның ішінде 1-топтағы мүгедек санатындағы 1299 баланың тиісті жәрдемақысы шілде айынан бастап көбейеді.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыстық департаменті басшысының орынбасары Жәнібек Дәлібаевтың айтуынша,  қазір аймақтағы 1299 жәрдемақы алушының құжаттары қаралып, бекітілген шешім бойынша төлемдерді төлеу жүзеге аса бастаған.

- Атап айтқанда, мүгедек баланы тәрбиелеушіге және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты  берілетін жәрдемақы осы жылдың 1 шілдесінен бастап 31 183 теңгеден  41 578 теңгеге дейін көбейді, - дейді департаменті басшысының орынбасары Жәнібек Дәлібаев.

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар