Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында жазды.
«Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың ОПЕК министрлер кездесуінің қорытындысы, сол жиында қабылданған келісім бойынша біздің ұстанымымыз, сондай-ақ саланың жағдайы, мұнай кен орындарындағы ахуал, шетелдік компаниялармен жұмыс туралы ақпаратын тыңдадым», деді Мемлекет басшысы.