• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Шілде, 2019

Футбол: Бразилия Аргентинаны ұтты

303 рет
көрсетілді

Бұл күндері Бразилияда өтіп жатқан футболдан Америка кубогы жолындағы жарыстың аяқталуына санаулы ғана күндер қалды.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 06:30-да алғашқы жартылай финалдық кездесуде Бразилия мен Аргентина құрамалары өзара күш сынасты. Бәсекенің 19-минутында Габриэл Жезус есеп ашса, 71-минутта Фирмино екінші голдың авторы атанды. Нәтижесінде 2:0 есебімен жеңіске жеткен алаң иелері ақтық сынға жолдама алды.

Ертең Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 06:30-да Чили мен Перу құрамалары өзара шеберлік байқасады. Қола медаль үшін тартыс 7-шілдеде Сан-Паулудағы «Арена Коринтианста», ал бас жүлде үшін бәсеке 8-шілдеде Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында өтеді.