• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Шілде, 2019

Бокс: Президент кубогына кімдер қатысады?

257 рет
көрсетілді

15 шілдеде Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Президенті кубогы жолындағы жарыстың жалауы желбірейді. Бірқатар мемлекеттерден келетін танымал боксшылардың қатысуымен өтетін халықаралық турнирде Қазақстанның ұлттық командасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев мына шәкірттеріне сенім артып отыр: 52 кило – Әнуар Мұзапаров, 57 кило – Қайрат Ералиев, 63 кило – Зәкір Сафиуллин мен Санатәлі Төлтаев, 69 кило – Асланбек Шымбергенов пен Абылайхан Жүсіпов, 75 кило – Тұрсынбай Құлахмет, Әбілхан Аманқұл, Талғат Шәйкен, 91 кило – Василий Левит пен Айбек Оралбай және +91 кило – Қамшыбек Қонқабаев.

Соңғы кездері өрелі өнерімен көзге түсіп жүрген былғары қолғап шеберлері арасында тек бұл турнирге Бек Нұрмағанбет қана қатыспайды. 81 кило салмақта күш сынасатын қандасымыз жарақатынан әлі де қайықпаған көрінеді.