• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Шілде, 2019

Қостанайда майлы дақылдар алқабының көлемі көбейеді

789 рет
көрсетілді

Бұл туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС алқабында өткен «Алқап күні» кездесуінде айтылды. Облыстағы егін алқаптары соңғы жылдары барынша әртараптандырылып келеді.

Өңірде барлығы 5,3 млн гектар егіс алқабы бар. Соның 4 млн 738 мың гектары жаздық егіс болса, оның ішінде 3 млн 992 мың гектарға дәнді дақылдар, 530 мың 800 гектарына майлы дақылдар себілді. Бақша өнімдері 1 мыңнан аса гектарды, картоп 4 мың гектарды құрайды. Жем-азықтық дақылдар 221,6 мың гектарды алады.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жыл сайын майлы дақылдар алқабын кеңейту керектігін тапсырды.

«Келер жылы «Биогрейн» ЖШС инвестициялық жобасы жүзеге асатын болады. Қостанайда 600 мың тонна бидай, 150 мың тонна майлы дақыл дәнін қалтқысыз өңдеуден өкізетін зауыт жұмысын бастайды. Осыған орай майлы дақылдардың алқабын 700 мың гектарға дейін жеткізуіміз қажет» деді Архимед Бегежанұлы.

Сонымен қатар басқосуда биылғы егіннің өсімі, алқапты өсімдік зиянкестерінен қорғау, техника жағдайы және мал шаруашылығындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы да сөз болды. Жалпы алғанда жыл басынан бергі ауыл шаруашылығындағы дамудың ырғақты екені атап өтілді.

Қостанай