• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Шілде, 2019

Ауылда сүт өндейтін цех ашылады

302 рет
көрсетілді

Қармақшыдағы Тұрмағамбет ауылының 60 жылдығы қарсаңында жұмыстар жақсы қарқын алып жатыр. Ауылда жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары көбейеді деген үміт бар. Соның бірі құны 32 млн. теңге тұратын сүт өңдейтін цех. Мұнда сүт өнімдері-айран, балмұздақ, ірімшік және балқаймақ дайындалады деп күтілуде.

Жаңа цех ауыл тұрғындары үшін қуанышты жағдай екендігі белгілі. Төрт түлік өсіріп отырған тұрғындар сиырының сүтін өткізетін жерді енді алыстан іздемейтін болады.

Сонымен қатар, 576 шаршы метрлік 100 орындық балабақша құрылысы жүріп жатыр.