• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Шілде, 2019

«Барыстың» қатары канадалық хоккейшімен толықты

231 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының қатары канадалық Адам Хелевко қосылды.

23 жастағы Үйеңкі жапырақтар елінің өкілі осы күнге дейін Америка хоккей лигасының (АХЛ) бірқатар клубтарында өнер көрсетті. Айтулы лиганың тұрақты біріншіліктерінде барлығы 189 кездесу өткізіп, 118 (44 гол+74 пас) ұпай жиды. Плей-офф сайыстарында 21 мәрте мұз айдынына шығып, 6 ұпайды (4+2) қоржынға салды.

2015 жылы Адам Хелевко Ұлттық хоккей лигасындағы (ҰХЛ) «Сан-Хосе Шаркс» клубына қабылданды. Алайда айтулы команда сапында ол бірде-бір ойын өткізген жоқ. Содан канадалық хоккейші АХЛ-ға қайта оралды.