• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2013

Аралдағы елге де араласы бар

290 рет
көрсетілді

Аралдағы елге де араласы бар

Бейсенбі, 16 мамыр 2013 1:39

Ерлі-зайыпты Храпуновтардың Кипр банктерінен қаржысы табылды

Бірқатар шетелдік БАҚ-тар­дың мәлімдеулерінше, Алматы қа­ласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның зайыбы Лейла Храпунованың Кипр банктерінде сақ­таулы тұрған ақшаларының де­­ректері табылған. Бұл қаржы­лар­­ды олардың «әлдеқандай күн туа қалған жағдай үшін» апарып жа­­сырып қойғандарын «Номад» жазды.

 

Бейсенбі, 16 мамыр 2013 1:39

Ерлі-зайыпты Храпуновтардың Кипр банктерінен қаржысы табылды

Бірқатар шетелдік БАҚ-тар­дың мәлімдеулерінше, Алматы қа­ласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның зайыбы Лейла Храпунованың Кипр банктерінде сақ­таулы тұрған ақшаларының де­­ректері табылған. Бұл қаржы­лар­­ды олардың «әлдеқандай күн туа қалған жағдай үшін» апарып жа­­сырып қойғандарын «Номад» жазды.

Ерлі-зайыпты шонжарлар бұл депозитті Виктор Храпунов Алматы қаласының әкімі болып тұрған кездің өзінде-ақ ашып қойған екен. Соған қарағанда, бұлар мұғаджырлыққа кетуді күні бұрын жоспарлап алған сияқ­ты. Сол мақсаттары үшін арал­дағы мемлекетті де бекер таң­дамағандары көрініп тұр. Әлемге офшорлық аймақ ретінде танылған елдің ақша қоймаларына қазына жасыру арқылы олар өз іздерін білдірмей кетеміз деген болса керек. Алайда, аяқ астынан пайда бола қалған «табыскер» бизнесвумен, яғни әйел-бизнесмен келешек Кипрде қаржы дағдарысының орын алатынын және оның ешкімді де аямайтынын, осы арқылы қырық қабат торқаның астында тығылып жатқан ұры-қары байлардың таза судың бетіне қалқып шығатынын, сосын қолдарынан сусып кетіп бара жатқан ақшаларын сақтап қалу үшін адвокаттардың қалың армиясын жалдауларына тура келетіндерін алдын ала пайымдай алмаса керек.

Басылым сонымен қатар, Хра­пуновтардың Швейцариядағы не­гізгі активтері – өздерінің ұл­дары Ильяс Храпунов негізін қа­лаған Swiss Development Group (SDG) компаниясын сатқан­дарын еске түсіріп өтеді. Ол Швей­ца­­рияның беделі биік аудандары мен шетелдерде элиталы жыл­жы­майтын мүліктер құруға ма­ман­дандырылған компания біраз қаржы да тапты.

Осыған орай, басылым Иль­яс­­тың жеке өзінің тірліктері ту­ра­лы да шолу жасай кетеді. «Осы бір 28 жасар жас жігіттің Швей­цариядағы жүріс-тұрысы туралы қазір мұнда шын мәнінде шын­­­дыққа бергісіз аңыз тарап жүр», деп жазады ол. Ал Ильяс Храпунов өзінің қарындасы Эль­вирамен бірге Швейцарияда 14 жасынан бері тұрып келе жатыр. Ол Женевадағы элиталы үйде тұрды, сонда жиі шулы кештер ұйымдастыратынымен аты шықты. Басылымның жазуынша, Ильяс сол сияқты көптеген жол-көлік оқиғаларын жасауы арқылы жергілікті полицияға да әбден танымал болып үлгерген көрінеді. Алайда, ол полицияға жол ережесін бұзған өз анасы басқаратын компанияның қызметкерлері екенін айтып, ұдайы солардың аттарын атап тұрған. Сондықтан ірі көлемдегі айыппұл қағаздары ешқашан Швейцарияға барып көрмеген қазақстандық аза­мат­тардың аттарына біздің елімізге жөнелтіліп келген. Осыдан-ақ, оның балақай күнінде қалай қа­­лып­тасқанын анық байқауға болады.

2008 жылы Ильяс Храпунов қазақстандық паспортын швей­цариялық құжатқа айыр­бас­тауға әрекет жасап көреді. Алайда, бұған келісім ала алмайды. Сол кезде оның жол тәртібін бұзғандары айғақталып шыға келеді. Осының негізінде Храпуновқа айтарлықтай ірі мөлшердегі айыппұл сомасын өзінің төлеуіне тура келді. Бұл жолы ол тиесілі төлемін ешбір қи­­нал­мастан бірден төлейді. Себебі, келешекте Швейцария азаматтығын ала алмай қалу қау­пінен қорыққан. Ол сондай-ақ, өзінің ірі активтердің иесі екенін, сол арқылы Швейцария экономикасына инвестиция әкеліп жүргенін де айтып салады.

Осы жерде айта кетейік, Виктор және Лейла Храпуновтар қазіргі күндері 20 қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Тергеу мә­лі­мет­теріне қарағанда, бұл отбасы 2003 жылдан 2007 жылға де­йін Швейцария мен оффшорлық ай­мақ­­­­­тардағы шетелдік банктерге 48 млн. доллар мен 7,7 млн. еуро ау­дар­ған. 2012 жылғы қазан айында Лейла Хра­пуноваға ірі көлемде алаяқ­­тық жасағаны үшін іздеу жария­лан­ды. Ал желтоқсан айында ол Же­нева прокуратурасымен жұмыс жа­сасуға дайын екенін мәлімдеді. Содан бас­тап Храпуновтар отбасы­ мүшелерінің ақша айналдыру жө­ніндегі әрекеттерін тексеру бас­талып кетті.

Руслан ИГІЛІК.