Порту-Алегри қаласындағы «Арена Гремиода» өткен кездесуде Чили мен Перу құрамалары өзара шеберлік байқасты. Дәл осы турнирдің соңғы екеуінде чилиліктер бас жүлдені олжалаған болатын. Сондықтан да олар бүгін өткен матчтың фавориттері саналды. Бірақ мүйізі қарағайдай қарсыласынан еш қаймықпаған перуліктер 3:0 есебімен жеңіске жетіп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұл бәсекеде Флорес (21-минут), Йотун (38-минут) және Герреро (90+1 минут) гол соқты.
Аргентина мен Чили арасындағы қола медаль үшін тартыс 7-шілдеде Сан-Паулудағы «Арена Коринтианста», ал Бразилия мен Перу арасындағы бас жүлде үшін бәсеке 8-шілдеде Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында өтеді.