• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 04 Шілде, 2019

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті

277 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан экономикасына инвестиция салып отырған ірі қаржы институттарының бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы банктің біздің елдегі көп жылғы жұмысына жоғары баға берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Сіздердің Қазақстандағы жұмыстарыңыздың басталған кезін жақсы білемін және Сіздің алдыңыздағы басшылармен де таныспын. Банк біздің елімізде табысты жобалар жүзеге асырды. Бұл мақтауға тұрарлық жұмыс деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Сума Чакрабарти Қазақстанның ЕҚДБ әріптестерінің ішіндегі ірі бестікке кіретінін айтып, жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдірді.