Мемлекет басшысына трансұлттық компанияның энергетика және мұнай-химия салаларындағы жобаларды жүзеге асыруы жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Shell кәсіпорны Қашаған, Карашығанақ, Каспий құбыр желісі консорциумы сияқты ірі жобаларға белсенді қатысуда. Сіздің Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысқаныңызға қуаныштымын. Бұл біздің ынтымақтастығымызға оң ықпал етеді, – деді Қазақстан Президенті.
Компания басшысы бірлескен жобаларды одан әрі жемісті іске асыруға сенім білдірді.
– Біз Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті жалғастыруды және міндеттемелеріміздің бәрін орындауды көздейміз. Алдағы уақытта еліңіздегі бірлескен жобалардың өндіру көрсеткіштерін арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді Бен ван Берден.