Көп балалы отбасынан шыққан
Н.Қ.Ішмұхамедов 1929 жылдың 31 шілдесінде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауылында 13 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасында дүниеге келген. Бауырларының төртеуі өмірлерін металлургиямен, қалғандары педагогикамен, медицинамен, мемлекеттік қызметпен байланыстырған. 1951 жылы Мәскеу болат және қорытпа институтын тәмамдаған соң жас маман еңбек жолын 1944 жылдың 31 желтоқсанында болаттың алғашқы қазақстандық қорытпасының 75 жылдығын тойлайтын Қазақ металлургиялық зауытында бастады. Алдымен ұста көмекшісі, ауысым бастығы, сонан соң Мартен цехы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
1957 жылдың маусымында Қарағанды халық шаруашылығы кеңесінің ұйымдастырылуына байланысты Нариман Ішмұхамедов бас болат қорытушы болып тағайындалған кезде оның өндірістік тәжірибесі пайдаға асты. 1961-1965 жылдары Қарағанды кеңес халық шаруашылығының қара металлургия басқармасында бас инженердің орынбасары, өндірістік бөлімнің бастығы және бас инженері қызметтерін атқарды.
1965 жылы Алматыда «Казчермет» республикалық өндірістік бірлестігі ұйымдастырылды, оның құрамына Қарағанды, Қазақ металлургиялық және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары, Соколов-Сарыбай және Лисаковск кен-байыту комбинаттары, басқармалар мен құрылып жатқан өнеркәсіптердің бірқатары енді. Сол жылы Н.Қ.Ішмұхамедов «Казчермет» бастығының орынбасары, сонан соң бірлестіктің бас инженері болып тағайындалып, осы қызметте 1970 жылдың маусымына дейін жұмыс істеді.
Озық технологиялар, заманауи жабдықтар мен ғылыми зерттеулердің арқасында бұл жылдар елімізде кокс, шойын, болат, прокат, темір кенінің және тағы басқа өнімдердің айтарлықтай өсуімен ерекшеленді. Осы тұрғыда Н.Қ.Ішмұхамедов Қарағанды, сонан соң республикалық қара металлургия ҒТБ бірлестігін басқарған кездегі кәсіпорындардың ғылыми-техникалық жұмысы маңызды рөл атқарды.
Қара металлургияның дамуына қосқан үлесі
«Казчермет» бірлестігі таратылған кезде Н.Қ.Ішмұхамедов 1970 жылы Карметкомбинат жанындағы ЖТОО зауытының ректоры болып тағайындалды, зауытты 1988 жылға дейін басқарған. Сол жылдан бастап металлургия және болат кафедрасының меңгерушісі, сонан соң аталған кафедраның профессоры болып еңбек етті. Н.Қ.Ішмұхамедов Қазақстанның ғана емес, бүкіл Кеңес Одағының металлургиялық саласының мамандарын дайындайтын ұстаханаға айналған ЖТОО-да 30 жылдай қызмет етті.
Осы уақытта Нариман Қуанышқалиұлы КСРО металлургиялық орталықтарының керемет мамандарына, атақты ғалымдар мен қоғам қайраткерлеріне айналған көптеген студент тәрбиелеп шығарды. Олардың көбісі, сонымен қатар қазіргі ҚМИУ-де қызмет ететін оқытушылар да Нариман Қуанышқалиұлы институттың материалды-техникалық қорының дамуы мен нығаюына, профессор-оқытушылық құрамның жоғары білікті ғылыми және педагогикалық деңгейінің құрылуына, жақын және алыс шетелдердің ірі кәсіпорындарымен және оқу орындарымен байланыс орнатуға зор үлесін қосқандығын айтады.
Қарағанды облысы энциклопедиясында Н.Қ.Ішмұхамедов көптеген ғылыми жұмыстың авторы екендігі айтылған. Ғалым 80-нен астам ғылыми еңбек пен өнертабыстың, оның ішінде 5 монографияның авторы. Оның монографияларының соңғысы еліміздегі қара металлургияның қалыптасуы мен дамуының барлық кезеңдеріне, соның ішінде инженер және ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау тарихына арналған. Ғылыми еңбектері болат балқытатын пеш едендеріндегі минерал түзілу, сонымен қатар фосфорлы шойынды қорғасынға айналдыру сияқты жұмыстармен тығыз байланысты.
Қара металлургияның дамуына, инженер мамандарын дайындауға қосқан үлесі және республиканың қоғамдық өміріне қатысқаны үшін Нариман Ішмұхамедов «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды, «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атағына ие болды.
Институттағы және өнеркәсіптегі әріптестері профессор Н.Ішмұхамедовтің қарапайымдылығын, елгезектігін, парасаттылығы мен өзіне деген талапшылдығын қатты бағалайды. Осы материалдың авторы ретінде журналистік жұмыстарды жүргізу барысында Нариман Қуанышқалиұлымен кездесу кезінде мен де аталған қасиеттердің куәсі болдым. Жазушы О.Бальзактың: «Кез келген мамандықта нағыз суретшілер болады және олар тежелмейтін намысы, көркемдік сезімі мен қажымас табандылығымен сипатталады. Ешқашан олардың ар-ұятын сатып ала алмайсың» деген сөздері бар. Қалалық ардагерлер кеңесінің жетекшісі, БжҚМИ бітірген металлургия ардагері Бірлікбай Ордабаев, сонымен қатар он жылдан астам ректор Ішмұхамедовпен бірге кафедра меңгерушісі қызметін атқарған Зейнеп Байбосынова: «Бұл сөздер біздің Нариман Қуанышқалиұлы туралы арнайы айтылған сияқты», деп пайымдайды. Олардың ҚМИУ-дағы әріптестері, ЖТОО-ның көптеген түлегі Н.Ішмұхамедовті біртума адам, жоғары білікті, өз ісіне адал, талапшыл маман және қамқор жетекші ретінде жадыларында мәңгілік сақтады. Олар профессор Нариман Ішмұхамедовтің ұрпақтары оның жарқын бейнесіне тиісті баға беріп, Теміртаудағы ҚМИУ-ге оның есімін беру қажет деп есептейді.
Елена ЛАХНО