«Бүгін қаламыздағы 1200 орындық (2400 оқушы баратын) жаңа білім ордасының ашылу салтанаты өтті. Бұл мектеп жеке кәсіпкердің қаражатына салынып, заманауи талаптарға сай жабдықталған. Есігін айқара ашқан бүгінгі мектепке ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай есімі берілді. Бұл мектепке баратын барлық балалардың төлем ақысын мемлекет қаржыландыратын болады. Бұл жаңа жүйе Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында іске асырылып жатыр. Қалада басқа да мектептердің құрылысы жүруде. Осы күзде бүлдіршіндер жаңа 5 мектептің табалдырығын аттайды. Осындай игі істің басында болып, ат салысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Көптеген ата-аналар осындай орталықтың қажеттігін айтқан болатын. Сол өтініштерді негізге ала отырып, дертке шалдыққан балаларды емдеу орнын қаланың орталығынан ашуды дұрыс санадық», деді қала басшысы салтанатты жиында.
Болат Өтемұратов атындағы қордың директоры Марат Айтмағанбетовтың айтуынша, бұл - елімізде жетінші қалада ашылып отырған орталық. 2015 жылдан бері орталықтарға 8 мыңнан астам аутизмге шалдыққан бала қаралған. 2 мыңнан астамы тиімді бағдарламаларды толық аяқтап ем қонған. Қазіргі таңда, орталықтарға ем алуға жеті мыңнан астамы кезекке тұр.
Шымкентте ашылған жаңа орталықтың 6 бөлмесі балаларды дамыту және түзету құрал-жабдықтармен қамтылған.
Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов орталықты аралап көріп, науқас балалардың ата-аналарымен тілдесті. Орталық басшысымен әңгіме барысында ата-аналарға да психологиялық қолдау қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, Шымкентте 4000-ға жуық балаға аутизм диагнозы қойылған.