Амангелді ауданында өткен Ұлттық домбыра күні мен Елорда күні мерекелері аясында Б.Қолдасбаев орта мектебінде шағын футбол алаңы салтанатты түрде ашылды. Бұл ауыл балаларының көптен күткен сыйы болатын.
Футбол алаңын осы мектептің түлегі, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын кәсіпкер Серік Қанапин 12 миллион теңгеге салып берді.
«Шағын алаңға жасанды шөп төселген. Бұл балалар үшін өте қолайлы. Ауыл балаларының футболмен, жалпы спортпен айналысуына жағдай жасайды. Серік осы мектептің түлегі, шағын футбол алаңын өзінің бастамасымен салып берді» дейді Амангелді аудандық әкімдігі Кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Абзал Ташимов.
Қостанай облысы,
Амангелді ауданы