• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Шілде, 2019

Президенттің қатысуымен Жауынгерлік өнер фестивалі өтті

410 рет
көрсетілді

Бүгін Елорданың туған күніне және Жастар жылына орай жаңа «Jekpe-Jek» сарайында Жауынгерлік өнер фестивалі ұйымдастырылды.

Шараның ашылуына Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова барлық қонақтарды жаңа сарайдың ашылуымен, сонымен қатар, жауынгерлік өнер фестивальмен құттықтады.

«Мәдениет және спорт министрлігі және өз атымнан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына қазақстандық спортқа үнемі қолдау білдіріп келгеніңізге алғыс білдіремін. Барлық спортсүйер қауымды осындай фестивальдің өтуімен, Спорт сарайының ашылуымен құттықтағым келеді. Сіздерге бүгінгі кештен ұмытылмас әсер тілеймін!», деді министр.

Шараға GAISF (Global Association of international sports federations) Президенті Доктор Рафаэле Кьюлли келді.

«Қазақстан үнемі қонақжайлығымен таңқалдырады. Сіз әрқашан өздеріңізді спортқа жақын екендіктеріңізді көрсетіп келесіздер. Осы орайда айта кеткім келеді, Қазақстан 2021 жылы Дүниежүзілік жауынгерлік ойындарын қабылдайды. Бұл спорттық мүмкіндікті көрсетуге берілген мықты мүмкіндік деп білемін. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстанның Жауынгерлік өнер Ассоциациясына спортқа көрсеткен қолдауларыңыз  үшін алғыс білдіремін.»,-деді ол.

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер бас хатшысы Аманқұлов Фархат Әменұлы жоғары дәрежелі қонақтарға естелік сыйлықтар табыстады.

Үш сағаттық кездесу барысында түрлі спорт түрі бойынша көрсетілімдер қойылды. Кәсіби кездесулер, тамешвари, музыкалық нөмірлері, жарық шоуы және тағы басқа қызықты дүниелер спорттық бағдарламаға енген.

Естеріңізге сала кетейік, фестиваль 7 мамырда Шымкент қаласында басталған болатын. Әр демалыста мерекелік шара түрлі облыс пен қала тұрғындарын қуантты. Спорттық шоу еліміздің барлық облысын қамтыды.  Спорттық мейрамды өткізуде әр өңір өздігімен ерекшеленді.