Балаларды Алматы қаласының теміржол вокзалынан Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақ пен облыстық білім басқармасының өкілдері күтіп алды. Қазір олар Түрген шатқалындағы табиғаттың тамаша сыйы - «Тау - Жанашар» лагерінде көңілді дамалыс маусымын бастап кетті.
- Арыс балалары жазғы демалыстың бір айын жетісудың ең көрікті жерлерінде орналасқан жазғы демалыс лагерлерінде өткізеді. Қазір Арыс қаласынан 138 бала келді. Жалпы бала саны жүз елуге жетеді деп отырмыз. Балалақайлар үшін барлық игілікті жасаймыз. Біздің аудандағы «Тау- Жанашар» лагерінде 20 күн болып, қалған 10 күнін Қапшағайдағы «Күншуақ» лагерінде өткізеді, - дейді Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақ.