• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Руханият 09 Шілде, 2019

Домбыра – біздің ертеңіміз

508 рет
көрсетілді

Домбыраның мәртебесін мемлекеттік деңгейде дәріптеу деген – бұл тұтас ұлттың рухын көтерумен пара-пар ерлік деп білемін. Міне, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы көреген саясатының арқасында ұлт аспабы жалпыхалықтық деңгейде ұлықталып отыр. Өте қуаныштымыз. Өйткені қазақ қуанышын да, қайғысын да домбыраның қос шегі мен шанағына сыйдырып, жанына жұбаныш тапқан. Домбыраның пернесінде ұлтымыздың бар тарихы мен тауқыметі, жалпы дәуір үні сайрап жатыр. Иә, домбыра – біздің тарихымыз, кешегіміз ғана емес, ертеңіміз, болашағымыз. Ал келешегіміз баянды болуы үшін қазірден бастап балаларды домбыра тарту мәдениетіне баулуымыз керек. Өскелең ұрпақ домбыраның мәртебесін, мән-мағынасын терең түсініп, қадірі мен киесін жете ұғынып өсуі қажет. Баяғыда, өздеріңіз білесіздер, әр үйдің төрінде домбыра ілулі тұратын. Екі қазақтың бірі домбыра шертетін. Міне, қазір де біз сол деңгейге жетуге ұмтылуымыз қажет. Сонда ертеңіміз айқын, болашағымыз жарқын болмақ. Ұлттық домбыра күні осыған сөзсіз септеседі деп сенемін. Айтқали ЖАЙЫМОВ,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-дирижер