10-12 шілдеде күндіз Түркістан облыстың басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. 10 шілдеде кей жерлерде шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Шымкент қаласында 10-12 шілдеде күндіз 40⁰С қатты ыстық күтіледі. 10 шілдеде таңертең және күндіз шаңды дауыл, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қаласында 10-12 шілдеде күндіз 41-43⁰С қатты ыстық күтіледі. 10 шілдеде шаңды дауыл, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %