Неапольда жазғы спорт түрлерінен Универсиада ойындары жалғасуда. Кеше 50 метрге брасс әдісімен жарысудан әйелдер арасындағы жартылай финал аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Қазақстандық Аделаида Пчелинцева өз тобында үшінші орын алса, жалпы есепте бесінші орынмен финалға өтті. Ол аталған қашықтықты 31.33 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты.
Әзірге бразилиялық Дженифер Алвес көш бастап тұр. Финал 10 шілдеге жоспарланған.