Алматы ауданының Сарқырама қиылысындағы 6 қабатты үйден шыққан өрттің себептері белгілі болды.
«Британ кварталындағы өрттің себебі - өрттен сақтандыру жұмыстарын жүргізуде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау болып отыр. «BI Servis» ЖШС жұмысшылары үй шатырына жөндеу жасаған», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Оның айтуынша, үйдегі өрт сөндіру жүйесі жұмыс істейді, брақ, шатырға орнатылмаған.