• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2013

Елдік мәртебе

326 рет
көрсетілді

Елдік мәртебе

Сейсенбі, 22 қаңтар 2013 7:19

ЕХРО-2017 көрмесінің Астанада өтуі – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тағы бір әлемдік жеңісіӘлем мемлекеттері бәсеке заманында түрлі таңдауын жасап, өзін­дік даму жолын табуда. Таңдауынан жа­ңыл­маған Қазақстан дамудың өзіндік даңғыл жолында тағы бір жетістікке жетті, яғни елордамызда «Болашақ­тың энергиясы» тақыры­бын­да әлем­дік ЕХРО-2017 көр­ме­сін өткізу мәр­­тебесіне ие болдық. Аз уақытта Елбасы Н.Назарбаевтың озық та өмір­­шең, тұғыры биік, кө­реген саяса­ты­ның арқасында Алаш жұрты әле­уе­ті жарасқан, іргесі бе­рік, беделі зор мемлекетке айналды.

Сейсенбі, 22 қаңтар 2013 7:19

ЕХРО-2017 көрмесінің Астанада өтуі – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тағы бір әлемдік жеңісіӘлем мемлекеттері бәсеке заманында түрлі таңдауын жасап, өзін­дік даму жолын табуда. Таңдауынан жа­ңыл­маған Қазақстан дамудың өзіндік даңғыл жолында тағы бір жетістікке жетті, яғни елордамызда «Болашақ­тың энергиясы» тақыры­бын­да әлем­дік ЕХРО-2017 көр­ме­сін өткізу мәр­­тебесіне ие болдық. Аз уақытта Елбасы Н.Назарбаевтың озық та өмір­­шең, тұғыры биік, кө­реген саяса­ты­ның арқасында Алаш жұрты әле­уе­ті жарасқан, іргесі бе­рік, беделі зор мемлекетке айналды.

Қазақстан өз дамуында экономикасы дамыған елдердің тәжіри­бе­сін қайталауға емес, керісінше, тал­дап-қо­рытуға ұмтылып, олар үшін өз на­рығын аша отырып, әлем елде­рін эко­номикалық дағдарыстан шы­ғу­дың жол­дарын бірлесіп іздеуге шақырды. Ел тізгіні сарабдал саясаткер Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назар­баевтың қо­лын­да болғаны біздің елімізге зор нәтиже бергенін тарих айғақтап отыр. Бұл мықты саясат өз елімізде ғана емес, өзге елдердің де қызығу­шылығын тудырып отырға­ны белгілі.Қуатты Қазақстанды құру үшін қуатты экономика керек, ендеше  ЕХРО-2017 біздің елдің дамуына зор серпіліс беретін аса маңызды шара болмақ. Елбасы Н.Назарбаев өз сө­зінде: Бұл – әлемнің біздің елі­міз­дің Тәуелсіздік жылдарын­да­ғы та­быстары мен қол жеткізген би­ік­терін мо­йын­дағанының белгісі. Сон­дықтан ол – жалпы еліміздің жар­­қын табысы. Нә­тижелі табысқа қол жеткізген жұ­мыстары үшін осы іске қатысқан бар­лық мамандар мен қыз­мет­кер­лерге өзімнің алғысымды біл­діремін. Бұл – жалғыз Астана­ның емес, жал­­­пы Қазақстанның жеңісі, деп осы же­тістіктің ерекше ма­ңыз­ды­лығын атап көрсеткен болатын.Бұл ұлы сенімге де Елбасы – қа­зақ ұлтының нар тұлғасы Н.Назар­баевтың әлем саясаткерлерінің ара­сын­дағы асқақ абыройының арқа­сын­да қол жеткізілгенін барша жұрт біледі. ЕХРО-2017 көрме­сін ТМД елдерінде, бүкіл түркі әле­мінде тұң­­­­ғыш рет Қазақстан  өт­кізгелі тұр.Көлемі жағынан Олимпия ойындары мен дүниежүзілік футбол чемпионатынан кейінгі орында тұрғаны осы көрме.Көрме мен үшін таныс сала бол­ғандықтан, ЕХРО-2017 Қазақ­стан­­ға әлем елдерінің арасында үл­кен бедел және абырой әкелетініне то­лық сенім­дімін. Оларды атап-атап айтар болсақ, мына жайларға баса кө­ңіл бө­ле аламыз.Ең алдымен, көрменің өткі­зі­луі Қазақстанда ғылым мен бі­лім­нің дамуына нақты әсер етеді.Қазақстанда «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін көрме дәс­түрлі энергияға тәуелділікті азайту мақ­са­тын көздейді. Біз оның ғалам­дық салдарын қазірдің өзінде көру­деміз – ол мұздықтардың еруі мен озон қабаты­ның жұқаруынан танылуда.Елімізде энергияның баламалы көздерін, соның ішінде жел қуатын пайдалануды дамыту үшін нақты ғы­лымды дамытып, жағдай жасау қа­жет. Ол үшін тек жел мен судың, күн­нің болуы ғана жеткіліксіз.Көрме өткеннен кейін қалған ны­сан­дардың біразы ғылыми зертханалар, ғылыми орталықтар, зерттеу институттары ретінде пайдаланылады. Бұл туралы Сыртқы істер ми­нистрінің орынбасары Рәпіл Жошыбаев мә­лім­деген болатын. Оның не­гі­зінде Зерттеу орталығы құрыла­ды. Оны «Назарбаев Университеті» АҚ қара­уына беру жоспарланған. Бұл елімізде ғылым саласын дамыту жо­­­лындағы үлкен саяси қадам болмақ.Енді көрменің саяси әсерін атайық.Дүниежүзілік көрмелердің тарихына көз жүгіртсек, ол 1851 жылы Лондонда өткен Барлық халық­тар­дың өнеркәсіптік еңбектерінің ұлы көрме­сінен бастау алғанын және осы уақыт­қа дейін жалғасуда екенін көре­міз. Көрме қызметін реттеу мақ­са­тында 1928 жылы Парижде Ха­лық­аралық көрмелер бюросы құ­рылды. Қазіргі күнде бұл ұйым халықаралық құры­лымдардың ең ежелгі және таң­дау­лыларының бірі болып отыр. Оның құра­мына 157 мемлекет кіреді. Соған байланысты Ха­лықаралық көрмені өткі­зетін мемлекет саяси тұрғыдан тұрақты әрі беделді болуы шарт.ЕХРО-2017 көрмесін өткізу да­му­дың даңғыл жолына түскен Қа­зақ­стан үшін зор мерей. Үлкен саяси мә­ні бар мұндай табысқа қол жеткізу еліміздің беделін еселей түс­кені айдай әлемге аян. Мұны қазіргі таңда бүкіл әлем баспасөзі жарыса жазып жатқаны белгілі. Бұл дегеніңіз орны бөлек ерекше саяси мәртебе.ЕХРО-2017 көрмесінің эко­но­ми­каға әсері нақты болмақшы.Көрмені өткізуге дайындық барысында Қазақстанның инвести­ция­лық тартымдылығы артып, ша­ғын және орта бизнес, өнеркәсіп және өн­діріс ошақтары дамудың жаңа беле­сіне түсе­ді. Мысалы, 2010 жылы Шан­хай­да өткен дүние­жү­зілік көр­менің нә­тижесінде мынандай нәти­желерге қол жеткені мәлім.Қытай павильоны үстінде орна­лас­қан күннен энергия алу панель­дері 30 мың шаршы метр жақын маңдағы нысандарды күн энергиясымен қам­тамасыз еткен. Көрменің жал­пы ауқы­мы 5,28 шаршы шақы­рымды қамтып, оған 190-нан астам мемлекет және шамамен 73 млн. адам қатысқан. Көр­ме ұйымдас­ты­ру­шыларға 12 млрд. доллар пайда әкелген. Орта бизнес табысы кем дегенде 20 пайызға артқан. ЕХРО кезінде Шанхай кәсіпорын­дары түр­лі жобаларға 1,2 млрд. доллар кө­ле­мінде қаржы тартқан. Шанхай так­со­паркі экологиялық таза ре­сурс­тармен жүретін 1000 машинаға то­лыққан. Осылай жалғастыра беруге болады.Сарапшылардың айтуынша, көр­ме өткізу нәтижесінде Шанхай Пекин Олимпиадасына қарағанда 3 есе ар­тық пайда түсіріпті. ЕХРО-ны өт­кі­зудің қай жағынан да пайдалы­лығына мұнан артық қандай нақты дәлел керек?Осындай жақсылық бізді де күтіп тұрғандығы талассыз. Бұл көр­мені дайындау барысында Аста­наның ин­фрақұрылымы сөзсіз дамиды, сонымен қатар жаңа қонақ­үйлер салынып, көптеген жұмыс орын­дары ашылады. Көрмеге қа­тысты құрылыстар, түрлі әзірлік жұ­мыс­тары қала эконо­мика­сының барлық салаларына оң ықпал етеді. Құры­лыс өнеркәсібі, кө­лік, туризм, соның ішінде демалыс орындары, әлеумет­тік салалар қысқа мер­зімде қарқын алып, жұмыс орындары кө­бейеді, сауда-саттық ауқымы ұлғая­ды.Көрменің Қазақстанның сырт­­қы имиджіне әсері қандай деген мәсе­ленің де басы ашық.Астанаға көрме өткізілетін 3 ай­дың ішінде 5 миллионнан астам адам келеді деп күтіліп отыр. Бұл сансыз инвестор, саясаткерлер, туристер, жур­­налистер, яғни Қазақ­станның әлем­дегі имиджін қалып­тастыруда үлкен орны бар адамдар тобы. ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бұған де­йін экономи­калық тиімді инвесторлар мекені болып келген еліміздің іскерлігі мен қолда бар мемлекеттік қуатымызды көрсетуге толық мүм­кіндік береді.ЕХРО-2017 көрмесінен жалпы адамзат жарқын болашақтың сүйін­шіге толы жаңалықтарын кү­те­тінін де естен шығармағанымыз абзал.Қазірге дейін әлемде осындай 63 көрме өткізілген екен. Осыған дейін­гі 161 жыл ішінде Халық­ара­лық көр­ме бюросының өзіндік мұ­расы қата­рында Лондондағы Хрус­таль сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы, сол қаладағы Александр ІІІ көпірі, әлем­дегі ең үлкен күмбез астындағы павильон – Венадағы Ротонда, Мель­­бурн­дегі патшалық көр­ме павильоны сияқ­ты сәулет өне­рінің ғажап туындыларын атай аламыз. Мұның бәрі әлемдік көрме өткізу нәтиже­сінде қол жеткіз­ген баға жетпес дүниелер болып табылады.Астана көрмесінің басты тақы­рыбы – «Болашақ энергиясы». Ендеше, ЕХРО-2017 көрмесі де жа­ңа технологиялар мен ғылыми жа­ңа­лық­тарға толы болатынына се­не­міз. Ал­дағы кезде салынатын ғи­ма­раттар мемлекетке табыс әкеліп, ел игілігіне негізделген экономи­каның қозғаушы күшіне айналары хақ.Астана әлем елдері үшін тату­лықтың және бірліктің ғана нышаны емес, сонымен бірге елордамыз баршамызды өзінің жаңа да әсем сәуле­тімен таң қалдыруда. Ұлтара­лық тамыры терең достығы бар мем­лекет­тің көрмеде көрсететін жетістіктері мол болары талассыз. ЕХРО-2017 бола­шақ энергиясы мәселесіне қа­тыс­ты жаһандық мә­селелерді шеше­тін, сол арқылы адам­зат баласына қызмет ете­тін ғылыми жаңа­лық­тарымен тарихта қалары сөзсіз.Қазақстанды қуатты әрі жаңа­шыл технология отанына айналдыру және күшті мемлекет құру жолында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың барша жұрт­­тың рухын көтеруге сеп­тесетін тағы бір ізгі бастамасын баршамыз қол­дай­мыз. Елдік сынына айналатын бұл аса маңызды іс-шараны абыроймен өткі­зуге, әрине, бәріміз атсалысамыз.Серік АБДУЛЛАЕВ,«Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы – президенті, Алматы қалалық мәслихатының депутаты.