Сейсенбі, 22 қаңтар 2013 7:23
Елімізде тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жылдан жылға жақсарып келеді. Мемлекет тарапынан осы мақсатқа бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын арта түсуде. Айталық, 2012 жылы тұрғындардың тиісті топтарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 100 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінсе, оның 37 млрд. теңгесі амбулаторлық деңгейде дәрілік құралдармен қамтамасыз етуге бағытталды.
Сейсенбі, 22 қаңтар 2013 7:23
Елімізде тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жылдан жылға жақсарып келеді. Мемлекет тарапынан осы мақсатқа бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын арта түсуде. Айталық, 2012 жылы тұрғындардың тиісті топтарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 100 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінсе, оның 37 млрд. теңгесі амбулаторлық деңгейде дәрілік құралдармен қамтамасыз етуге бағытталды.
Бұрындары 50 пайыздық жеңілдікпен беріліп келген дәрілер 2012 жылдан бастап тегін босатыла бастады. Дәрігерлердің рецептіне сәйкес тегін берілетін дәрілер тізіміне 48 нозология бойынша 400-ден астам дәрілік препараттар кіреді.Қазақстан – В және С вирустық гепатитіне шалдыққан науқастарды тегін дәрімен қамтамасыз етіп отырған әлемдегі санаулы елдердің бірі.Қазіргі уақытта республикада дәрімен қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілуде. Мемлекет кепілдік беретін дәрілік құралдардың науқастың қолына тиюін бақылап отыру үшін диспансерлік есепте тұрған науқастардың тізімін жасау жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, шалғай ауылдардың тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жылжымалы дәріханалық пункттер ашылуда. Тегін дәрігер фельдшерлік-акушерлік тіректер арқылы да беріле бастады. Қазір республика бойынша мұндай тіректер саны 3 мыңнан асады.* * *2012 жылы ағзаларды трансплантациялау, стереотаксикалық хирургия, қатерлі ісік аурулары кезінде эндопротездеу, жүректің сол жақ қалқаншасының қосымша қондырғысын импланттау сияқты сәтті оталар жасалды. Мәселен, 1979 жылдан бері ағзаларды трансплантациялаумен шұғылданып келе жатқан жапондық әріптестермен бірлесіп 5 бауыр, 20 бүйрек трансплантацияланды. Ал барлығы 2012 жылы еліміз бойынша 50 бүйрек алмастырылды.Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Ұлттық медициналық холдинг Астанадағы медициналық кластер аумағында орналасқан жаңа заманауи клиникалардың базасында «Болашақ госпиталін құру» стратегиялық жобасын іске асыруды жалғастыруда. Холдинг клиникаларында (Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық жедел жәрдем ғылыми орталығы, Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы) хирургиялық нейронавигация, ағзаларды трансплантациялау, стереотаксикалық хирургия, кішіинвазивті реконструктивті хирургия және кардиохирургияның жаңа технологиялары қолданылуда.2012 жылы Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығында жүрекке 1 574 ашық ота жасалды, оның 87-і бірегей оталар (49 ота жүректің сол жақ қалқаншасының қосымша қондырғысын импланттау бойынша).Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығының ірі жетістіктерінің бірі және отандық медицинадағы серпін 2012 жылғы тамызда созылмалы жүрек ауруына шалдыққан науқасқа донор жүрегі қондырылды.Келешекте «жүрек-өкпе» кешенін трансплантациялау және жасанды жүректі импланттау, сондай-ақ, кішіинвазивті және гибридті технологияларды қолдану арқылы жоғары технологиялық кардиохирургиялық және интервенциялық араласу жоспарлануда.2012 жылы Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында жұлын майын нейростимуляциялау, стереотаксикалық жүйені қолданып, оталар жасау, омыртқа және жұлын майына ота жасағанда нейронавигацияны пайдалану технологиялары енгізілді. Стереотаксикалық хирургия хирургиялық араласудың кішіинвазивті әдісі боп саналады. Қазақстанда стереотаксикалық хирургияның әдісі тұңғыш рет енгізілді. Бас миы стереотаксикалық биопсияның 4 отасы сәтті аяқталды.Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында онкогинекологиялық обыр ауруларына радикалды лапароскопиялық ота жасау енгізіліп, 2012 жылы 15 эндоскопиялық ота жасалды.Травматология және ота ғылыми-зерттеу институтында тізенің, жамбас сүйектің эндопротездері және тағы басқа көптеген заманауи эндопротездер енгізілуде.
«Егемен-ақпарат».