Себебі, зымыранды ұшыруға дайындау кезінде циклограммадағы қателіктен ғарыш аппаратының қыздырғышы уақытынан бұрын қосылып, салдарынан химиялық ток көзі «отырып қалған». Ток көзі бір рет қана пайдалануға жарайтындықтан, оны алмастыру үшін зымыранды монтаждау-сынақ корпусына қайтаруға тура келді. Байқоңыр ғарыш айлағында мамандар обсерваторияның сапарын кейінге қалдыруға себеп болған барлық ақауды жойды. Одан бөлек, циклограмма да түзетілген.
«Протон-М» зымыран-тасығышы 12 шілде күні, жергілікті уақытпен сағат 17:31-де ұшырылады деп жоспарланып отыр.
«Спектр-Рентген-Гамма» («Спектр-РГ») обсерваториясы - Ресей мен Германия бірігіп іске асырып отырған халықаралық жоба. Оның мақсаты – ғаламды рентген диапазонында зерттеуге арналған орбиталық астрофизикалық обсерватория құру.