Бүгін елордалық Саяси кеңес бюросының ұсынуымен Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Ерлан Каналимов тағайындалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлан Каналимов әр жылдары қала әкімдігінің құрылымда басшылық қызметтер атқарған. Атап айтқанда, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы, «Байқоңыр» ауданының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Еске сала кетейік, Nur Otan партиясы қалалық филиалын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов басқарады.