• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Шілде, 2019

Білім және ғылым министрі Президент жолдаған эстафетаны қабыл алды

535 рет
көрсетілді

Білім және ғылым миинстрі Асхат Аймағамбетов Абай Құнанбайұлының «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін жатқа оқыды.

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ұйымдастырылған эстафетаны Білім және ғылым министріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған болатын. 

«Ұлы Абайдың жас ұрпақтың білім алып, ғылымды игеруге айрықша мән бергені оның өлеңдерінен, қара сөздерінен байқалады. Абай атамыз әр адамды ең бірінші кезекте өзіне және біліміне сенуге шақырады», деді А. Аймағамбетов.  Ол Абайдың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін жатқа оқыды.   

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, 

Әуре етеді ішіне қулық сақтап. 

Өзіңе сен өзіңді алып шығар 

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.   

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, 

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе. 

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, 

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?   

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, 

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме. 

Жүрегіңе сүңгі де,түбін көзде, 

Сонан тапқан-шын асыл тастай көрме.

Кезекті эстафетаны министр еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, ЖОО ректорларына, оқушылар мен студенттерге жолдады. 

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқу науқаны басталды.

Бұл challenge-ді желі қолданушылары таратып жатыр. Challenge #abai175 хештегімен белгіленген. Қазіргі уақытта жарияланымдар саны күн сайын артуда.