• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Шілде, 2019

Қазақстан судьяларының жұмыстары жаңаша бағаланады

312 рет
көрсетілді

Қазақстанда қыркүйектен бастап судьялардың қызметтік сапасын бағалау қолға алынады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Судья болам деушілердің саны биыл 2 есе өсті. Бұрын өз еркімен кеткен судьялар өзгерістерді көріп, қайта судья боламын деп  конкурстарға қатысуда. Тіпті бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан әріптестердің өзі жағдайды көріп, жұмысқа қайта шығуға шешім қабылдап жатыр», деді Жақып Асанов 2019 жылдың 1 жарты жылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы қаралған кеңесте. 

Сонымен қатар, ол  бүгінгі қызметте жүрген судьяларға  қыркүйек айынан  бастап баға беру қолға алынатындығын айтты. 

«Біз соған арнайы комиссия құрдық. Ішіміздегі ең абыройлы судьяларды  соның құрамына енгіздік. Тамыз айының ішінде жүйемізді, әдістемемізді бекітеміз. Сол әдістеме бойынша әрбір судьяның қызметтік сапасына  баға беретін боламыз. Биылдың өзінде 434 судья осы сынақтан өтеді. 2,5 айдың ішінде аудандық соттардың 80 пайызы осы бағалаудан өтуі керек. Жалпы, сотты жаңғыртамыз десек  қолға алатын ең басты мәселе -  судьялық кадрлар. Осы проблеманы түбегейлі шешпесек, заң да, мықты сот реформасы да ешқандай нәтиже бермейді, жағдайды түземейді», деді Жақып Асанов.