• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2013

Қарбалас шақ

400 рет
көрсетілді

Қарбалас шақ

Сенбі, 9 ақпан 2013 7:23

«Жезқазған –Сексеуіл» темір жолының құрылысы жүріп жатыр

Қызылорда жол жөндеу дирекциясына қарасты Қазалы өндірістік базасының темір жол саласы үшін орны ерекше. Мәселен, республикалық маңызы бар «Жезқазған – Сексеуіл» темір жолының басталуына осы мекеме атсалысты. Олар өткен жылдың өзінде екі мың шақырым жерді қамтитын темір-бетон шпалын тапсырыс берушілерге жөнелткен. Шындығында, бұл темір жол саласына өте қажетті бұйым.

Сенбі, 9 ақпан 2013 7:23

«Жезқазған –Сексеуіл» темір жолының құрылысы жүріп жатыр

Қызылорда жол жөндеу дирекциясына қарасты Қазалы өндірістік базасының темір жол саласы үшін орны ерекше. Мәселен, республикалық маңызы бар «Жезқазған – Сексеуіл» темір жолының басталуына осы мекеме атсалысты. Олар өткен жылдың өзінде екі мың шақырым жерді қамтитын темір-бетон шпалын тапсырыс берушілерге жөнелткен. Шындығында, бұл темір жол саласына өте қажетті бұйым.

Қазалы өндірістік базасы 1978 жылы құрылған. Оның алғашқы атауы – №3 машина стансасы. Ол кезде бұл мекеме «Ремжол» республикалық бірлестігіне қараған. Жалпы, Қазалы өндірістік базасының мәртебесі сан мәрте өзгергенімен, әлі күнге дейін жұртшылық оны ескі атауы­мен атайды.Қазір база еңбеккерлері қарбалас тірлікке кірісіп кеткен. Шебер Берік Арықбаевтың қарамағындағы 29 адамның әрқайсысына бекітілген өз жұмысы бар. Бірі темір-бетон шпалын дайындаса, ал екінші бірі жол жөндеу ісімен шұғылданады. Өткен жылдың соңында олар екі шақырымнан аса жолға жететін темір-бетон шпалын әзірлеп шы­ғарды. «Бастысы, жұмыс барысында қателік жібермеуіміз қа­жет. Өйткені, темір жол саласы – ха­лықтық маңызы бар бас­ты ны­сан. Сондықтан, әрбір адам тағ­дыры біздерге зор жауап­кер­­шілік жүктейді», дейді Б. Арық­баев.Мұндағы барлық техникалар ауыр салмақты. Рельс үстінде жүретін 102 тонналық кранды басқарудың өзі оңай емес. Әсіресе, аптап ыстық пен сақырлаған сары аязда ең далада жұмыс істеуге екінің бірінің дәті шыдамайды. Ескі жолдарды жаңалап, жүк көлігінің діттеген жеріне жетуіне осындағы мамандар жыл мезгілінің әр уақытында сақадай-сай әзір тұрады.Көптен бері осында еңбек етіп келе жатқан қазіргі база бастығы Байтелі Ахметпен бірге кезінде қызмет істегендерден Әбдірахым Досанов қана қалды. Әбдірахым ағамыз өз қолтаңбасын қалдырған мекемеде бүгінде күзетші болып жүр. Бұл жер сонау 1978 жылы «Қызылту» колхозының иелігінде болып еді. Ол кезде су мол болғандықтан, жергілікті халық бау-бақша егіп, жер ризығын тиімді пайдалана білді. Кейін осы маңға қуатты өндіріс салу жос­парланып, жер-жерден мамандар келе бастады. Ал жақын арада құрылысы басталған «Жезқазған – Сексеуіл» темір жолы бізге ғана емес, өзге өңір тұрғындарына да тиімділігі мол болмақ,  деп жайдары үн қатты Ә.Досанов.«Жезқазған – Сексеуіл» темір жолы мерзімінде аяқталуы үшін Астанадан «Жол жөндеуші» ЖШС келіп, үш үлкен автокранды жөндеуден өткізген. Сондай-ақ, жол бойын жарықтандыру ісі сәтті жүргізілуде. Қазалы өндірістік базасы дәл қазір осы маңызды нысанға қатысты темір-бетон шпалын әзірлеп, қызу еңбек үстінде.Темір жол саласы қай кезде де экономикамызды өрістетуге айрықша үлес қосып келеді. Басты буын осынысымен ерекше. Жолдан қалмауды мұрат тұтқан баршамыздың тіршілігіміз осы құрылыммен біте қайнасып жатқаны шүбәсіз.Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ.