Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.
Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлағандай, президенттер Донбасстағы жағдайды және тұтқындармен алмасу жайын талқылады. Сонымен қатар, келіссөзді «норман төрттігі форматында» жалғастыру мүмкіндігі талқыланды.