Сенбі, 16 ақпан 2013 8:07
Дүкендерде күнделікті көріп жүргеніміздей күнбағыс майының түр-түрі толып тұр. Таңдау – өзіңізде. Жалпы, облыстың тұрақтандыру қорына күнбағыс майы Орал қаласынан жеткізіледі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, өңірде күнбағыс тұтынушы сұранысынан екі есе артық өсіріледі екен. Тек, оны өңдейтін кәсіпорындар тапшы. Ал, Қашыр ауданында бұл шаруаны «Green Hause» серіктестігі қолға алыпты.
Сенбі, 16 ақпан 2013 8:07
Дүкендерде күнделікті көріп жүргеніміздей күнбағыс майының түр-түрі толып тұр. Таңдау – өзіңізде. Жалпы, облыстың тұрақтандыру қорына күнбағыс майы Орал қаласынан жеткізіледі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, өңірде күнбағыс тұтынушы сұранысынан екі есе артық өсіріледі екен. Тек, оны өңдейтін кәсіпорындар тапшы. Ал, Қашыр ауданында бұл шаруаны «Green Hause» серіктестігі қолға алыпты.
Күнбағыс майын шығаратын бұл зауыт ауданда жүзеге асырылып отырған алғашқы инвестициялық жобалардың бірі. Бұған дейін аудан «Береговое» деген күнбағыс майымен аты шықса, енді «Рахмет» деген күнбағыс майы шығарылады. Кәсіпорын өңірдегі күнбағыс майына деген тұтыну көлемінің 30 пайызын қамти алады. Жалпы, күнбағыс өсіруде БҰҰ-ның есебі бойынша Ресей бірінші орында тұрған көрінеді. Біздің облыста да күнбағыс өсіріледі. Дәрігерлер күнбағыстың атеросклероз, инфаркт миокарды, жүрек-қан тамырлары ауруларына, бауырды сақтауда пайдасы бар дейді. Оның құрамында холестерин жоқ.
Аудан әкімі Нұрлан Күлжанның айтуынша, ауданда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өткен жылы 1043 орта және шағын кәсіпкерлік тіркелген. Олардың бірқатары осы бағдарламаның пайдасын көруде. Мысалы, Бесжан ауылдық аумағына қарасты «Гигант» серіктестігінің басшысы В.Солдатенко өз бизнесін кеңейтуге ниет білдіріп, 13,5 миллион теңге, Федоровка ауылдық аумағында «Зуенко» шаруа қожалығы мал шаруашылығын дамытуға 12,8 миллион теңге несие алыпты. Бүгінгі күні ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін 9 наубайхана, 6 күнбағыс майын шығаратын цех, 3 диірмен, 2 шұжық цехы, 2 күнбағыс тұқымын дайындайтын цех, сүт өңдейтін 3 цех жұмыс жасайды. Былтыр 644,1 тонна нан-тоқаш өнімдері, 754,8 тонна күнбағыс майы, 60,1 тонна шұжық өнімдері, 55,9 тонна күнбағыс тұқымы, 187,3 тонна сүт өнімдері өндірілген. Ал, аудан орталығы Тереңкөл ауылындағы «Green Hausе» серіктестігінің күнбағыс майы Өскемен, Ресейден келетін күнбағыс майымен сапасы бірдей, бәсекеге қабілетті. Зауыт тазартылып, пластмасса құтыға құйылған күнбағыс майын шығарады. Күніне 300 литр май өндіріледі. Мұнда жылына 20 мың тонна күнбағыс тұқымы қабылданып, 8 мың тонна дайын күнбағыс майының тазартылған күйдегі сапалы өнімі аудан және облыс тұтынушыларына жол тартуда. Кәсіпорын бұл зауытты іске қосуда тазартылған күнбағыс майын шығаратын түркиялық қондырғылар орнатып, зауыт ғимаратының іші-сырты, өндіріс орындары мен қоймалары талапқа сай жөнделді. Бұл үшін 200 миллионнан астам қаржы жұмсалды. Әрқайсысының сыйымдылығы 3 мың тоннадан тұратын қоймалар, аудан мен облыс аумағынан жеткізілетін өнімдерді қабылдап, кептіріп, зауыттың өнімді дайындайтын орындарына жеткізіледі. Бүгінгі күні мұнда жұмыс істейтін мамандардың барлығы оқытылып, 30-дан астам ауыл тұрғындары жұмысқа тартылды.
Аудан әкімі Нұрлан Күлжанның айтуынша, ауданда биыл «Жас Нұр» серіктестігі Бобровка ауылдық аумағында суармалы дақылдарды өсіретін алқап, «Изоклинкер-kz» серіктестігі Германияның Клинкер фирмасының технологиясы негізінде керамикалық плиткалар, «Ержан» фермерлік шаруашылығы бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге арналған зауыт ашпақшы, яғни 3 инвестициялық жобаны іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Кәсіпорын басшысы Жасыбай Нығмановтың айтуынша, өнім сапа жағынан да жоғары бағаға ие. Қажетті өндірістік құрал-жабдықтар Түркиядан жеткізілген.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан.
Павлодар облысы.