Абай өлеңдерін оқу эстафетасын орыс халқы да жалғастырып жатыр. Виктория есімді орыс қызы Абайдың "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты өлеңін қазақ тілінде оқып, өзінің әлеуметтік парақшасында жүктеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Абайдың 175 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлыққа қол қойған болатын.