• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Шілде, 2019

Алда 43°С ыстық болады

514 рет
көрсетілді

Аптап ыстықтың салдарынан Қазақстанның 4 облысында ескерту жарияланды деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 15-16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумағында 37 градус ыстық болады. Шілденің 15, 16 күндері күндіз Ақмола облысында күн қатты ысып, 35-38 градусқа жетеді. Нұр-Сұлтанда 16 шілде күні күндіз 35 градус ыстық болады. 15 шілде күні Қостанай облысында аптап ыстық болып, ауа температурасы 36, кей жерлерде 39 градусқа жетеді. 15 шілдеде, сондай-ақ, Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа қарай ойысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Күндіз елдің басым бөлігіне ауа температурасы 43°С жетеді.