• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Шілде, 2019

Бүгін еліміздің 9 аймағында аптап ыстық болады

481 рет
көрсетілді

Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Түнде Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін.  

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.