Абайдың 175 жылдығына орай басталған жыр эстафетасын «Qazaqstan» ұлттық арнасының ұжымы «Хабар» телеарнасындағы әріптестерінен қабыл алды.
Ұлттық арна ұжымы Хакім Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен үзінді оқыған. Телеарна ұжымы эстефетаны жүз жылдық жылнама «Egemen Qazaqstan» газеті мен «Астана» телеарнасындағы әріптестеріне және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры қызметкерлеріне жолдады.