• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Шілде, 2019

«7-20-25» бағдарламасымен 8 мың отбасы баспаналы болды

286 рет
көрсетілді

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 8 мыңға жуық отбасы 92 млрд теңге қарыз алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Елбасы ұсынған Бес әлеуметтік бастаманы енгізу - халықты қолжетімді баспанамен қамтудың басты бағыты саналады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 7 936 отбасы 92 млрд теңгеге қарыз алды. Бағдарлама банктің ипотекалық портфелінің 24,8% - шамамен 1,4 трлн теңге өсімін қамтамасыз етті. Бағдарлама көрсеткішін жақсарту мақсатында биыл мамыр айында қарыз алушыларға бастапқы жарнаны баспана бағасының 20%-дан асатын сомада төлеу құқығы берілді. Бұл ай сайынғы төлем көлемін азайтуға және табысы аз азаматтарды қамтуға мүмкіндік берді. Банктерге қойылатын талапты төмендету арқылы қатысушы-банктер саны артты», деді Ерболат Досаев. 

Еске сала кетейік, елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.