• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Шілде, 2019

Алматы қаласының әкімдігі жарықтың өшіп қалу себебін түсіндірді

428 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы тұтас қаланың жарықсыз қалуының себебін түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Бүгін 14:14-те «Алматыэнергосбыт» АҚ ЖЭС-2 стансасының қайнар көзінде ақау болды. Соның кесірінен қаланың көп бөлігі электр қуатынсыз қалды. Қазіргі таңда ЖЭС-2 нысанында КЛ-220 кВ бойынша жарық берілді. Қаланы қоршаған сыртқы шеңбер бойынша KEGOC 220 кв желісінде қаланы электр желісіне қосу процесі жүріп жатыр. Бұл нысанды қайта қосуға 1-1,5 сағат уақыт кетеді», деп мәлімдеді қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасынан. 

Қаланың барлық аудандары кешкі сағат 17:00-де электр энергиясына толық қосылатын болады. Қазіргі таңда қаладағы барлық бағдаршамдардың жұмысы реттелді. Көшелердегі жол қозғалысын реттеуге 400-ден астам жол-партульдік полиция қызметкері шықты. 

Арнайы жұмыс тобы апаттың себебін анықтап жатыр.