Сейсенбі, 19 наурыз 2013 1:24
Ол неден шықты?
Қырғыз елінің саудагерлері Тараз қаласының базарларына өткеру үшін күн сайын «Айша бибі» кедені арқылы түрлі көкөніс пен жеміс-жидектерді тонналап тұрып өткізеді. Бұл өте дұрыс. Көрші болған соң ел мен ел бір-бірімен барыс-келіс, алыс-беріс мәселесінде жақсы қарым-қатынаста болғаны жөн.
Сейсенбі, 19 наурыз 2013 1:24
Ол неден шықты?
Қырғыз елінің саудагерлері Тараз қаласының базарларына өткеру үшін күн сайын «Айша бибі» кедені арқылы түрлі көкөніс пен жеміс-жидектерді тонналап тұрып өткізеді. Бұл өте дұрыс. Көрші болған соң ел мен ел бір-бірімен барыс-келіс, алыс-беріс мәселесінде жақсы қарым-қатынаста болғаны жөн. Бірақ осы саудагерлердің арасында кеден салықтарынан жалтарып, түрлі айла-шарғыларға баратындары да жетерлік. Мәселен, олар жүк машинасындағы тауарларын кеденге жетпей жеңіл көліктерге аударып тиеп, «Біз бұларды сатуға алып бара жатқан жоқпыз» дегенге көшкен. Кеденшілер де оңай шағылатын жаңғақ емес, оларға заң бойынша жеке мақсатқа пайдаланылатын тауарларды айына бір-ақ рет өткізуге болатынын түсіндіреді. Бірақ жөн сөзге құлақ аспаған ағайындар өздерінің «Шоң Қақпа» бекеті маңындағы «Керуен» деп аталатын базарына жүктерін түсіріп, «Егер қазақтарға көкөніс пен жеміс-жидек керек болса, онда оларды енді осы жерге келіп сатып алсын», деп қиғылық салады. Бірақ шекараның екі жағындағыларды да айғай-шуға «қарық» қылған екі тәулік ішінде көкөністері бұзылып, шіри бастаған айыр қалпақты ағайындар тауарларын «Айша бибі» кеденінен заңды түрде алып өтуге амал жоқ келісті.
Кеден заңы «біреудің өзі жақсы, біреудің көзі жақсы» деген көңілжықпастыққа қарамайды. Қатаң болса да ортақ талап өз нәтижесін берді. Мысалы, бұрын «Айша бибі» кедені арқылы 7-8 күн ішінде 350-400 тонна жүк артқан 50 көлік тіркеліп, бюджетке шамамен 3 миллион теңге түсіп келсе, кеденнен тұрақты түрде тауар алып өтетін саудагерлерге қадағалауды күшейткеннен кейін бұл көрсеткіш 3-4 есеге өсті.Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».Жамбыл облысы.