Бүгінгі күнге дейін 103 отбасы, яғни 617 адам кеншілер қаласына қоныс аударды. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналар құрылысы мен оларға инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға мемлекеттік қазынадан 17 млрд. теңге қарастырылды.
Облыстық Құрылыс басқармасының мәліметінше,биыл көпбалалы отбасылар үшін Екібастұз, Ақсу қалаларынан пәтерлер сатып алынуда.
Сатып алу тәртібі бойынша, пәтерлердің жалпы аумағы 60 шаршы метр, құны 8,4 миллион теңге болу керек. Республикалық бюджеттен бөлінген 1,2 млрд. теңгеге 143 пәтер сатып алынбақ. Келесі жылы көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үйлерді жаңадан салып, қолданысқа беру жоспарлануда.
Мамыр айында 57 көпбалалы отбасы Ақсу қаласы Астана көшесі, 58 мекенжайынан пәтерлер алды. Жыл соңына дейін тағы да екі шағын ауданнан тағы 56 жер үй қолданысқа берілмек.
Қазір облыс орталығындағы Сарыарқа шағын ауданында 8 үйдің құрылысы жүргізілуде. Достық шағын ауданын салуға қажет инженерлік желілер құрылысы да биыл аяқталмақ.
Шағын ауданның 95 гектар жерінен 7552 пәтер тұрғызылады. Жаңа және екінші нарықтағы баспаналарды «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы алуға болады.
Павлодар облысы
Суретті түсірген Валерий Бугаев