• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Президент 16 Шілде, 2019

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады

449 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Анар Жайылғанова «Президенттің кадрлық резервін» құру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа одан әрі көшіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талапты күшейтуге тиісті Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін айтты.