• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Шілде, 2019

Ел ішіндегі келелі кездесулер

211 рет
көрсетілді

Аймақтардағы сайлаушылармен кездесулерінде Парламент депутаттары Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық саясаты мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы туралы тұрғындарға кеңінен түсінік беруде.

Мәселен, Сенат депутаттары Нариман Төреғалиев пен  Ерболат Мұқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапар аясында бірнеше ауылдарда болып, жергілікті халықпен кездесті. 

Жаңабұлақ ауылдық Мәдениет үйінде жергілікті атқарушы орган өкілдері, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, басқа да мекеме басшылары және тұрғындармен болған кездесуде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төртінші деңгейлі бюджетке көшу, салық жинау, тұрғын үй кезегі мәселелері көтерілді.

Сенаторлар жұмыс сапарын аудан орталығында одан әрі жалғастырып, 100 орындық интернат, 300 орындық мектеп-гимназия, 3 қабатты коммуналдық тұрғын үйдің құрылысымен танысты. 

Сондай-ақ Н.Төреғалиев пен  Е.Мұқаев Бударин ауылдық округіндегі «Атамұра» шаруа қожалығында да болды. Шаруа қожалықтары көктемгі және күзгі далалық жұмыстар кезінде жанармай бағасының қымбаттайтынын айтып, маусым кезінде жеңілдік беруін немесе субсидия бөлуін сұрады. 

* * *

Арыс қаласының балалары 12 шілде мен 3 тамыз ара­лығында демалу үшін Алматыға келген болатын. 

Олар қала маңында орналасқан «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде демалады. Төтенше жағдайлардан зардап шеккен 150 бала сауықтыру шараларынан өтуге және уақытын жақсы өткізуге мүмкіндік алып отыр. Жас қонақтардың алғашқы тобын алматылықтар перронда күтіп алды. Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева да жас меймандарды қарсы алушылардың арасында болды. Сенатор жеткіншектермен әңгімелесіп, олардың бәріне демалыстарының жақсы өтуіне тілектестігін білдірді. 

* * *

Мәжіліс депутаттары Асылбек Смағұлов пен Наталья Жұ­маділдаева аймақтарда сайлаушылармен кездесуде. 

Тұрғындармен кездесулер барысында депутаттар азаматтардың өзекті мәселелерін талқылап, өздерінің заң шығарушылық жұмысы, Мәжілістің қызметі туралы әңгімеледі.

Осындай шаралардың бірі Қарағандыда өтті. Халық қалау­лылары Ішкі істер министрлігінің академиясында аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. 

Кездесуде Мемлекет басшысының тапсырмалары мен еліміздің экономикалық және әлеуметтік саясаты туралы айтылды. 

Іс-шара соңында депутаттар жиналысқа қатысушылардың сұ­рақтарына жауап беріп, өзара пікір алмасты.  * * *

Мәжіліс депутаттары Магеррам Магеррамов және Наринэ Микаелян Қостанай облысының Рудный қаласында сайлаушылармен кездесті.  

Депутаттар әкімдікте прокуратура, сот, полиция, өрт сөн­ді­рушілер мен басқа да салалар өкілдерімен кездесіп, облыстың әлеу­меттік нысандарын аралап, этномәдени орталықтарға барды. 

Осы күні Мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов арнайы әлеу­меттік қызметтер сапасына байланысты Ақмола облысының Бурабай ауданында кездесу өткізді. 

Щучье қаласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер орталығына барған депутат ондағы қызмет көрсету сапасымен, жабдықтармен танысты. 

* * *

Шымкент қаласында Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев бірқатар кездесулер өткізді. 

Депутат «Continental Logistics Shymkent» көлік-логистикалық орталығының жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті.

2017 жылдың желтоқсан айында іске қосылған А+ санатындағы «Continental Logistics Shymkent» кешенінің бүгінгі жұмысы қарқынды. Мұнда құрғақ және климаттық қоймалардан бөлек, контейнерлік терминал, кедендік ресімдеу аймағы мен ілеспелі құрылымдары бар.  * * *

Мәжіліс депутаттары Қанат Мусин, Шавхат Өтемісов Батыс Қазақстан облысы Зашаған кентіндегі «Нұрлы жер»  бағ­дар­ламасы бойынша салынып жатқан 9 қабатты үйдің құры­лысымен танысты. 

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдар­лама­сының негізгі мақсаты – халық үшін тұрғын үйдің қолжетiмдiлiгiн арттыру. 

– «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қазіргі танда елімізде мыңдаған пәтер салынуда. Нәтижесінде, көптеген жерлестеріміз тұрғын үйге қолдарын жеткізіп жатыр. Бәрімізге белгілі соңғы уа­қытта көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарына баса назар аударылуда. Елбасының тапсырмасы бойынша жыл сайын 50 млрд теңге қаражат бөлінетін болады, – деді Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов.