Өз жұмыстарын дизайнерлер және суретшілер, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады. Байқау 2019 жылдың 17 шілдесінен 2 тамызына дейін жүргізіледі. Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 2 тамызынан кешіктірмей мына материалдарды тапсырулары керек:
1. Брендбук нобайлары (нобайлар А4, А3 форматындағы түрлі-түсті қалың қағазда жасалуы тиіс).
2. Шығармашылық жұмысты сипаттайтын түсіндірме жазба.
Қазылар алқасы дизайнерлерден, суретшілерден және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Бейбітшілік көшесі,11, 528а, 535 кеңсе, тел .: 55-67-19, 55-67-07 нөміріне хабарласуға болады.