«Билік пен қоғам арасындағы диалог құратын жиын болу керек екендігі туралы осы бұрыннан айтып келе жатырмын. Сондықтан нақты осы қадамды өз басым қолдаймын. Бұндай тұрақты түрде жұмыс істейтін кеңес бәрімізге қажет деп білемін», - деді Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Мұхтар Тайжан.
Өз сөзінде Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесі өркениетті мемлекет болуға нақты қадам болатынын айтып өтті. Сонымен қатар, кеңес құрамындағы жұмысының ашық болатынын жеткізді.
«Халықпен ешқашан байланыс үзілмейді, өзіміздің ұстанымызды ешқашан өзгертпейміз. Бірте - бірте қадам - қадаммен бәріміз осы мақсатқа жетеміз деген үміт бар», - деді ол.
Айта кетсек, мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылған болатын. Қоғам белсенділерінен құрылған кеңестің мақсаты - билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналу.