• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Руханият 18 Шілде, 2019

Сырттанов туралы сыр

669 рет
көрсетілді

1890 жылы Санкт-Петербор университетін бірінші дәрежелі дипломмен аяқтаған Барлыбек Сырттанов қазақ халқының мемлекеттік басқару құқығы мен тәртіп-ереже­лерін жазып, Ресей империясы­нан бөлек, дербес ел ретінде қалыптасу­дың жүйелі түрде алғышартын қа­лып­тастырған тұлға.

1911 жылдың 13 маусымында жазылған «Қазақ елі­нің уставы» соның айқын айғағы. «Қазақ» газетінің 1914 жылғы №90 санында Ә.Бөкейханның «Барлы­бекті ұмытпасқа» атты мүнаһиб-мақаласы­ның жазылу сыры да осында жатыр.

Жақында қаламгер, жас ғалым Елдос Тоқтарбайдың тарихи толғам­ға негізделген «Барлыбек туралы бірер сөз...» атты кітабы жарық көр­ді. Кітапта саяси қайраткер, қазақ хал­қының құқығын қорғауға жан салған Б.Сырттановтың өмір жолы, қызметі және отбасы мен ұрпақтары жайында кеңірек қамтылған. Заңгер Барлыбек Сырттановтың есімін жаңғыртып, қазақ тарихындағы орынын анықтауда аталған кітаптың маңызы зор. Жаңашылдығы сол, кітапқа бұрын-соңды жариялан­баған тың ақпараттар мен архивтен та­был­ған құжаттар енгізілген. Ең­бекте Барлы­бектің ғұмыр жолы мен қыз­­метіне қатысты өзіндік бол­жам­­дары мен тұжырымдары да қам­тылған. Тіпті, тарих тасасында қал­ған тар­ланның жан-жақты қа­бі­летін анық­тап, тілге тиек еткені де көрінеді. Мәселен, кітап кейіпкері білім-ғы­лым­нан бөлек, дәрігерлік саланы да меңгергенге ұқсайды. Сондықтан оның «Дәрілік өсімдіктер» еңбегін жазуы тегін емес. Ең баст­ысы кітапты оқып шыққан оқыр­ман өткен кезеңдерде қазақ қоғамы­ның дерті болып жабысқан, өзекті мәсе­лелерді сауатты түрде жеткізіп, күресе білген ерен тұлғаның тұтас ғұмырынан хабардар болады.