• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанда 20 әскери қызметші баспаналы болды

292 рет
көрсетілді

«Әскери баспана» бағдарламасы Қызылжар өңірінде сәтті жүзеге асып келеді.

2012 жылдан бастап жалдамалы пәтерде жүрген әскерилерге өтемақы төленіп келсе, енді ол тұрғын үй төлемдеріне ауыстырылған. Яғни, қаражат  екінші деңгейлі банктерде ашылған арнайы жеке шоттарға аударылады. Осы аударымдарды әр әскери қызметші «Әскери баспана», «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламалары арқылы баспана алуға жұмсай алады.  Несиенің мөлшерлемесі жылына 7%-дан аспайды және төлеу мерзімі де тиімді.

«Мұның бәрі әскери қызметшілердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған»,  дейді  қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Дәулет Толыбай.  

Биыл Петропавл әскери гарнизонының 20 әскери қызметшісі жайлы  пәтерге қол жеткізді. Солардың бірі – бөлім бастығы Әнуар Ибраев.  Ол үй кезегінде 10 жыл тұрған. Оған дейін отбасымен пәтер жалдап келген. Енді 3 бөлмелі пәтерге жайғасты.  «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінде»  жинаған  қаражат бастапқы жарна ретінде құйылып,зейнетке шыққанға дейін төлем жасалады. Сосын  бұл пәтер отбасының атына аударылады.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Әбжаппарова өз сөзінде баспанасы жоқ әскери қызметшілердің барлық санаттағылар үшін бірыңғай тұрғын үй төлемі жасалатынын жеткізді. Сонымен қатар әскери салада 20 және одан көп жыл еңбек еткен әскерилерге қызметтік үйді өтеусіз жекешелендіру құқығы қайтарылды. Ал қызметтік тұрғын үйлермен қамтамасыз етілген әскери қызметкерлерге екінші деңгейлі банктердегі жеке арнайы шоттарына тұрғын үй төлемдерінің 50 проценті аударылады. Тұрғын үйлермен қамтамасыз етілмеген әскери қызметшілерге екінші деңгейлі банктердегі жеке арнайы шоттарына тұрғын үй төлемдерінің 100 % -ы салынады.

40-қа жуық әскери қызметшіге тұрғын үйді жалдап тұрғаны үшін ақшалай өтемақы төленеді.