• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2019

Тандыр наннан шеге шықты

545 рет
көрсетілді

Тараз қаласында тандыр наннан шеге шығып, жер­гілікті тұрғындардың жағасын ұстатты.

 «Мыңбұлақ» шағын ауданының тұрғыны Лаура Азат­бекова үй маңын­дағы дүкен­нен әдеттегідей нан алып келеді. Түскі ас ішуге дастарқан басына отырған ол тандыр нанды тураған кезде арасынан шеге шығады. Мұндай жағдай болады деп ойламаған тұрғын бұл көріністі дереу бейнекамераға түсіреді. «Ба­лалар үйде болмай қалды. Әйт­песе, олар нанды тіс­теп жегенде не болатын еді?! Енді санэпидқадағалау мекемесі мұндай оқиғаларды болдырмау үшін бәрін қарап, тексеріп шықсын», дейді ол. Шынында да ас атасының іші­нен шегенің шығуы жаға ұс­татарлық жағдай. Елімізде мұн­дай өрескел жағдай бір бүгін емес, бұрын да болған.

Тараз қаласындағы бұрын­ғы көк базар маңындағы ескі сарайға орналасқан наубайханада санитарлық талаптар мүлде сақталмаған. Сырты кір ыдысқа су қайнатып, қамырды жерде жатқан кірленге илейді екен. Ал ашыған қамырдың үстіне үй жағдайында жамы­латын кір көрпені жауып қой­ған. Тандыр нанның осындай жағдайда дайындалғанына қарамастан, тандыр иесінің бұл кәсібі өрге домалап тұр. Жергілікті халық көбіне тандыр нанға әуес.

Дей тұрғанмен, жер­гілік­ті тиісті мекемелер кәсіп­кер­­лерге тікелей тексеріс жұ­­­­мыс­­тарын жүргізуге дәр­мен­сіз. Не­ге десеңіз, кәсіп­кер­лікті қор­­ғайтын заң бар. Осы­ны пай­даланған кейбір кәсіпкерлер ешқандай жауап­кершіліксіз жұмыс істеп отыр.

 

Жамбыл облысы