Дмитрий Зайцев есімді азамат төртінші қабаттың терезесіне шыққан сәбиді құтқармағанда оның ақыры қайғылы оқиғаға соқтырары кәміл еді.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Бесінші қабатта тұратын Дмитрий даладағы айғай-шуды естіп, балконға шыққанда екі жасар нәрестенің қауіпті аймақта тұрғанын көреді. Жалма-жан балкон арқылы төртінші қабатқа түсіп, терезе жақтауында тұрған баланы аман-есен түсіріп алады.
Сөйтсе, түнгі кезекшілікте болған сәбидің күтушісі қалғып кетсе керек. Абырой болғанда нәресте анасына дін-аман табысталды.