Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады.
Кездесу барысында тараптар Құрбан айт мерекесіне дайындық және өткізу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ Алтай Көлгінов Митрополит Александрмен кездесті. Кездесу барысында Алтай Көлгінов қалада бейбітшілік пен келісімді, конфессияаралық татулықты сақтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атады.