• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Шілде, 2019

Өткен жылы 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

653 рет
көрсетілді

2018 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3863 млрд теңгені құрады және 2017 жылмен салыстырғанда 4,6% көбейді. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

2018 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3863 млрд теңгені құрады және 2017 жылмен салыстырғанда 4,6% көбейді. Құрылыс жұмыстарының едәуір бөлігі инженерлік имараттар (693,7 млрд теңге), өнеркәсіп (671,3 млрд теңге) және тұрғын ғимараттарында (533,5 млрд теңге), көліктік инфрақұрылым объектілеріне арналған құрылыстарда (647,9 млрд теңге) орындалды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 12,5 млн. шаршы метрді құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 12,1% көп. Тұрғын үйлердің жалпы санынан 37238 жеке үйлер, 1240 көппәтерлі үйлер пайдалануға берілді.

2018 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында 51619 оқушы орнына арналған 90 жалпы білімберетін мектеп, 12812 орынға арналған 103 мектепке дейінгі мекеме, ауысымына 1960 келушіге 48 амбулаториялық емхана және 1000 төсекорынға арналған 5 аурухана пайдалануға берілген.