• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Шілде, 2019

Президент кубогы: Назым Қызайбай чемпион атанды

410 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Президент кубогында 51 келіде чемпион атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ол финалда тағы бір қазақстандық боксшы Жайна Шекербековдан басым түсті. Екеуі бір-бірімен жақсы таныс. Шеберлік деңгейін жақсы біледі. 

Бүгін Назым өзінің дайындығы жоғары екенін танытты. Қыздар арасындағы жекпе-жектерде 57 келі салмақта да жеңімпаз анықталды. Бұл салмақта қазақстандық Айжан Қожабековамен қолғап түйістірген ресейлік Дарья Абрамова жеңіске жетті. Нәтижесінде ол жеңімпаз тұғырына көтерілді.