«Союз МС-13» кемесі жексенбі күні Халықаралық ғарыш стансасының бортына келіп жетті. Экипаж қатарында Роскосмос ғарышкері Александр Скворцов, сондай-ақ Эндрю Морган (NASA) және Лука Пармитано (Еуропалық ғарыш агенттігі) бар. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
ХҒС бортында жаңа экипажды ресейлік Алексей Овчинин, америкалық Кристина Кук пен Ник Хейг қарсы алды.
«Союз-ФГ» зымырантасығышы Байқоңырдың бірінші старт алаңынан сенбі күні ұшырылған болатын. Ғарыш кемесі стансаға алты сағатта ұшып жетті де, автоматты режимде түйісті.
Айта кетейік, МКС-60/61 экспедициясы кезінде ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағдарламасы аясында 50 эксперимент жасалады деп күтілуде. Оның бесеуі автоматты режимде, экипаждың қатысуынсыз жүргізіледі.